Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас кәсіпкер пробация есебіндегі адамға көмек берді

Қызылорда облысында жас кәсіпкер пробация есебіндегі адамдардың отбасына азық-түлік апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Біз біргеміз” қайырымдылық шарасына ерікті жастар да үлкен үлес қосып жатыр. Соның бір дәлелі, Арал ауданындағы Г.Аяпбергенов өзі жас кәсіпкер болса да, тұрмыстық жағдайы
төмен,  пробация есебіндегі адамдарға көмек қолын созып келеді. Осы тұрғындарға тұрмыс жағдайына қажетті азық- түлік себеттерін таратты. Көмек алған отбасылар жас кәсіпкер мен
пробация қызметкерлеріне дән риза болып, алғыстарын жаудырып жатыр.

“Төтенше жағдайға байланысты, жұмыстары тоқтап қалған, тұрмысы төмен отбасыларға қиын уақытта қол ұшымды созып жатырмын. Қазіргі  уақытта бәріміз бірлікте болуымыз керек және қолдан келгенше бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Осындай сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп, бұл қиындықты да жеңіп шығамыз”, – деді жас кәсіпкер.

Сондай-ақ,  кәсіпкер бұл қайырымдылық шарасы тоқтап қалмай, одан әрі жалғасын табатынын, пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдарға да берілетінін жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру