Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірім көлік тізгіндегені үшін полицияға жеткізілді

Шымкентте жасөспірім көлік тізгіндегені үшін полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы ақпанның 5-нен 6-на қараған түні Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері “Қару” іс-шарасы барысында полицейлер көрген “Volkswagen” маркалы автокөлігін тізгіндеген жүргізуші бірден тоқтап күдік тудырғанын көрді.

Тексеру барысында автокөліктің жүргізушісі жасөспірім болып шықты. Сондай-ақ, автокөліктің ішінде екі жолаушы болған. Олардың біреуінен оқ-дәрі және автокөліктің артқы орындығының астында қара түсті тапанша анықталып, тәркіленіп алынды.

Автокөліктің жүргізушісі және жолаушылар полицияға жеткізілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру