Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдермен құқықтық кездесу: Павлодарда алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілді

Павлодар облысы Ақсу қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор мектептердің 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

https://youtube.com/shorts/RCyxm3Pt1SI?feature=share

Кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін қарастырылатын жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді. Инспектор мұндай құқық бұзушылықтардың тек жасөспірімдерге ғана емес, олардың ата-аналарына да салдары болатынын атап өтті. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық ұғымы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жағдайлар да кеңінен түсіндірілді. Тәжірибеден нақты мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік шаралары таныстырылды.

Кездесудің бір бөлігі көшеде және мектеп аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналды. Оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және жанжалдан аулақ болу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, жиын барысында алаяқтықтың өзекті түрлері де сөз болды. Оқушыларға интернет пен телефон арқылы жасалатын алдау тәсілдері туралы ақпарат беріліп, олардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді.

Кездесу соңында оқушыларға күмәнді жағдайлар туындаған кезде жүгінуге арналған байланыс деректері көрсетілген, алаяқтықтан сақтану бойынша пайдалы кеңестер қамтылған жадынамалар таратылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру