Жастар есірткіге қарсы: Жетісуда облыстық пікірсайыс ұйымдастырылды
Жетісу облысында колледж студенттері арасында есірткіге қарсы облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында нашақорлыққа қарсы айлық аясында және Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жетісу облысының білім басқармасы бірлесіп колледж студенттері арасында есірткіге қарсы бағыттағы облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Зияткерлік сайысқа 12 команда қатысып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шешендік шеберліктерін және есірткінің алдын алу мәселелері бойынша белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Үштөбе гуманитарлық колледжі;
ІІ орын – Талдықорған қаласының Индустриалдық колледжі;
ІІІ орын – Талдықорған қаласының Агротехникалық колледжі.
Осындай іс-шаралар жастар арасында есірткі құралдарына деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
