Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жастар мен полиция арасындағы сенім: Жетісу облысында болашақ мамандарға арналған экскурсия өтті

Жетісу облысы полиция департаментінде жасөспірімдерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар алғашқы сәттен бастап-ақ жас қонақтар тарих пен сабақтастықтың ерекше атмосферасына енді.

Жетісу генералы Болсамбеков атындағы музейде жас қонақтар үшін экскурсия өткізілді. Шара барысында қатысушылар музей экспонаттары арқылы өткен тарихпен танысып, полиция қызметінің тарихы мен ерлікке арналған материалдарды көрді.

Іс-шара барысында Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов жастарға сөз сөйлеп, полициядағы қызметтің маңызды аспектілерін атап өтті. Ол қатысушыларға полиция қызметін абыроймен атқару қажеттігін және өмірлік жолды дұрыс таңдаудың маңызын жеткізді.

Экскурсиядан кейін плацта арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Қонақтарға заманауи полиция қызметі, арнайы техника, жедел-криминалистикалық бөлімшелердің жабдықтары, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің жұмысы таныстырылды.

Шараның мақсаты — жастарға полиция қызметін көрсету, ұрпақтар арасындағы өзара сенім мен түсіністікті арттыру, сондай-ақ болашақ мамандыққа қызығушылық туғызу болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру