Жатақханада бірге тұратын көршісінің қалтасынан ақша ұрлап кетті
Елорда тұрғыны жатақханада бірге тұратын көршісінің ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны өзі тұрып жатқан жатақханадағы бөлмесінен ақша ұрланғаны жөнінде полицияға жүгінген.
Тергеп-тексеру барысында полицейлер ұрлықты жәбірленушінің бір бөлмеде бірге тұрған танысы жасағанын анықтаған. Ер адам оңай олжаға кенелу мақсатында көршісінің мүлкін ұрлап алған. Түскі уақытта жәбірленуші назарын басқа нәрсеге аударған сәтті пайдаланып, оның күртешесінің қалтасынан ақшасын алған.
Полицияға жеткізілген күдікті мойындау айғағын берді. Ұрланған ақшаны полицейлер иесіне қайтарды.
Ұрлық жасаған адам жазаланатын болады. Полиция қызметкерлері ұсталған адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытып, жеке заттары мен ақшаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.