Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаттығуға келген азамат бөтен біреудің телефонын қолды қылған

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұялы телефон ұрлаған 28 жастағы елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті өзі жаттығатын қаладағы спорт кешендерінің бірінде гардеробта қалдырылған бөтен біреуге тиесілі күртешенің қалтасынан құны 200 мың теңге тұратын “iPhone” маркалы ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткен.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мұқият болуды және құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру