Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіл олжаны көздеген кәнігі қылмыскер бірнеше жымысқы әрекеті үшін Талғарда тағы қолға түсті

Жеңіл олжаны көздеген кәнігі қылмыскер бірнеше жымысқы әрекеті үшін Талғарда тағы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданы Полиция басқармасына жергілікті кәсіпкер телефон шалып, белгісіз біреудің дүкеннен ішімдіктер алып, төлеместен қашып кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар адамды анықтау шараларын жүргізген.

– Қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның тұлғасын анықтау барысында бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның бұдан өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында Талғар ауданында екі велосипед ұрлағаны дәлелденді. Сот шешімімен күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Талғар ауданы ПБ Анықтау бөлімінің бастығы Ғалым Иманғалиев.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол ішімдік ішкен соң шөлін басу мақсатында дүкенге кірген. Қалтасында қаржы болмағандықтан және сатушы әйелдің жалғыз екенін көргендіктен, сыра мен сусын алып, ақша төлеместен кетіп қалған. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру