Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметкерлері мен еріктілер алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлады

Ақтөбеде пробация қызметкерлері еріктілер тобымен кездесіп, атқарылатын алдағы жұмыстарды жоспарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында Пробация қызметкерлері Ақтөбе қаласының “Қайырымды жандар”, “Жүректен жүрекке”, “Асар үме”, “Zello help”, “Zello poisk” еріктілер тобымен кездесті.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша Пробация қызметкерлері осы күнге дейін есепте тұрған еріктілерді әр түрлі еріктілер топтарымен бірге түрлі қайырымдылық шараларына қатыстырып келген болатын. Аталған басқосу барысында осы секілді Пробация қызметкерлерінің еріктілер тобымен бірге алдағы күндері атқарылатын жұмыстар талқыланып, еріктілердің жұмысы тек қана “Еріктілер жылында” емес, алдағы жылдары да қоғамның игілігі үшін осындай жұмыстарды жалғастыру туралы айтылды.

– Іс-шараның мақсаты – Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандарының пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды өз еріктерімен қоғамға пайдасын тигізуге және өздері секілді есепте тұрған, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақыру болып табылады. Осыған орай, Пробация қызметімен атқарылатын жұмыстарға басқа да еріктілер тобын тарту мақсатында биылғы жылдың аяғында “Ең үздік ерікті жан” сайысы ұйымдастырылып, іске асырылатын болады, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Нұргүл Аубакирова.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша Пробация қызметкерлері “Еріктілер жылы” аясында есепте тұрған сотталған азаматтарды аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түліктерді жеткізіп беру, жалғызбасты қариялардың ауласын тазалау, мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдарын сыйлау, табиғатты қоқыстан тазарту және еріктілер тобымен түрлі шараларға, қайырымдылық шараларына қатысып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру