Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткерді құтқарған “Мечта” дүкенінің қызметкерлері Полиция басқармасында марапатталды

Зейнеткерді құтқаруға көмектескендері үшін екі петропавлдық полицияның атынан алғыс хат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Денис Григорьев пен Иван Барановский СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың алғыс хатына ие болды.Полиция ведомствосының басшысы терезеден құлай жаздаған егде жастағы зейнеткер әжейді құтқару кезінде көмектескендері үшін жастарды марапаттады.

Бірінші болып көмекке келген батыл петропавлдықтарды марапаттау рәсімі қалалық Полиция басқармасының жеке құрамының қатысуымен өтті. Петропавл қ. ПБ бастығы марапатты табыс ете отыра, жігіттердің бей-жай қарамаулары және көрсеткен көмектері барлық солтүстікқазақстандықтарға үлгі болуы тиіс деп атап өтті.

– Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттен басқа қиындыққа тап болған адамға қол ұшын созуды азаматтық борыш деп білетін әр түрлі жағдайлармен ұшырасып жатады. Өз қалауларымен полицейлерге көмектескендер қатты қуантады, – деді қаланың бас полицейі.

Естеріңізге сала кетсек, 14 қыркүйек күні дүкен қызметкерлері патрульдік полицейлермен бірге терезеден құлап кете жаздаған 81 жастағы зейнеткерге дүкеннің шатырынан түсуге көмектескен болатын. Әжей ауруханаға жеткізілді.

– Менің ойымша, адам өмірі қыл үстінде тұрғанда менің орнымдағы кез-келген адам ойланбастан дәл осылай жасар еді. Себебі біреудің өмірі сенің істейтін әрекетіңе байланысты екенін түсінесің. Біз жай ғана адами іс жасасақта, ісіміздің еленгені қуантарлық жағдай. Полиция департаменті бастығының атынан алғыс алу – бұл үлкен баға және біздің ұжымымызға үлкен серпіліс, – дейді Иван Барановский.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру