Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жерлесін жұмысқа тұрғызуға уәде берген қызылордалық алаяқ ұсталды

Жерлесін жұмысқа тұрғызуға уәде берген қызылордалық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады.
Бұл азаматша 2020 жылдың шілде айында “қызыңды жұмысқа тұрығызып беремін” деген желеумен танысынан 600 мың теңге көлемінде ақша алған.Алайда, уәде берген жұмысына тұрғызбаған азаматша алған ақшасын да қайтармаған.

Сөйтіп, жәбірленуші 10 наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне арызданды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру