Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер сатушының ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстады

Жетісайлық полицейлер сатушының ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның Асықата кентінде орналасқан азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен. Яғни, әйелдің қолсөмкесінің ішінен 70 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жетісай АПБ-ның полицейлері ұрлыққа түскен күдіктіні анықтау мақсатында оқиға орнын тексеріп, куәлардан жауап алды. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні ұстады. Ол Жетісай қаласының тұрғыны, орта жастағы әйел болып шықты.

Анықталғандай, күдікті аталған дүкенге өзіне қажетті заттарды алу үшін кіріп, алайда қараусыз тұрған сөмкеге көзі түседі. Содан ол сатушыға байқатпастан сөмкенің ішіндегі ақшаны жымқырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру