Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері заңгер-студенттерді криминалистердің жұмысымен таныстырды

СҚО полицейлері заңгер-студенттерді криминалистердің жұмысымен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистикалық техника және қылмыскерлерден алынған заттар коллекциясымен танысу, қылмыс жасалған орыннан айғақтар жинау – Солтүстік Қазақстан университеті “Құқықтық пәндер” кафедрасының студенттеріне осындай мүмкіндіктер берілді. Болашақ құқық қорғаушылар СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қабырғасында болып қайтты.

Мұнда суық және атыс қарулары, оқ-дәрілер мен жарғыш техникалар, қолдан жасалған құжаттар мен өзге де алынған заттар жинақталған кәдімгі музей бар. Оқиға орындарын қарау және қол іздерін алу үшін қолданылатын криминалистердің құралдары, жасырын көмілгендерді табуға мүмкіндік беретін георадар кеңінен көрсетілді. Сонымен қатар Жедел-криминалистикалық басқармада оқу полигоны бар. Мұнда манекендердің көмегімен оқиға орындарындағы жағдайлар көрсетілген – оған қарап жас қызметкерлер практикалық дағдыларын шыңдауда. Бұдан бөлек, студенттерге қол іздері және қылмыскердің сырт-келбеті белгілері бойынша жұмыс істеуде полицейлерге көмегін тигізетін “Папилон” мен “Образ++ 3.0” автоматтандырылған деректер базасының жұмысы көрсетілді.

– Осындай сабақтардың мақсаты – көрнекті мысалдар арқылы оқу барысында алған теориялық білімдерін бекіту. Студенттермен жұмыс СҚУ мен Полиция департаменті арасында қол қойылған Меморандум шеңберінде жүргізіледі. Сабақ айына 2 рет өткізіледі. Биылғы жылы заң мамандығының студенттерімен криминалистерден бөлек, тергеу мен анықтау, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері де өз тәжірибелерімен бөлісті, эссе өткізілді. Полиция ведомствосы жоғары білікті мамандарды тәрбиелеуге қызығушылық танытуда, ондағы мақсат облыстың озың оқу мекемелерімен ынтымақтастық жасау, – дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру