Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында бір тәулік ішінде бес заңсыз қару айналымнан алынды

Жетісу облысында бір тәулік ішінде бес заңсыз қару айналымнан алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы тәулікте Жетісу полиция қызметкерлері бес атыс қаруын заңсыз айналымнан алып үлгерді. Олардың арасында шолақ мылтық, автомат, тапанша, карабин және тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 12 патрон бар.

Төрт қару Ақсу ауданындағы ауыл тұрғындарынан, біреуі Талдықорған тұрғынынан алынды. Қару еш жерде тіркелмеген, оның қайдан пайда болғанын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

– 53 жастағы Ащыбұлақ тұрғынының жеке үйінен иір ойықты 5,56 мм калибрлі Барс мылтығы тәркіленді. Ал қызылағаштық 46 жастағы ауыл тұрғыны АКС-74 автоматы мен Макаров тапаншасының табылғаны туралы полицияға хабарлады. Сондай-ақ Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғынынан 16 калибрлі мылтық тәркіленді, – деді Жетісу облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Жұрынов.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 21 атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 14 тегіс ұңғылы және 6 иір ойықты мылтық бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру