Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында демалыс маусымында жол қауіпсіздігі күшейтілді

Жазғы туристік маусымда Ақши ауылында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, демалушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта өткен демалыс күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жүргізушілерге көлік құралын мас күйінде басқаруға жол берілмейтіні ескертіліп, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау, рөлде мұқият болу және өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Жазғы аптап ыстық пен туристер легінің артуын ескере отырып, полиция қызметкерлері жүргізушілерге ауыз су таратып, оларға сәтті сапар мен қауіпсіз демалыс тіледі.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар туристік маусым бойы тұрақты түрде жалғасады. Оның басты мақсаты – жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ өңір тұрғындары мен қонақтарының демалысын қауіпсіз әрі жайлы өткізуіне жағдай жасау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру