Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ер адамнан тіркелмеген үш мылтық тәркіленді

Жетісу облысында бұрын сотты болған ер адамнан тіркелмеген үш мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Балапанов ауылының маңында орналасқан Алакөл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен атыс қаруы мен бірнеше патронды тауып алды.

Қожалықтың 28 жастағы иесі айғақ беру үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның сөзінше, қолдан жасалған иір ойықты 7,62 мм калибрлі мылтықты ол даладан тауып алған, басқа екі мылтық оған өз атасынан қалған. Арнайы базаны тексеру кезінде ер адам бұрын басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

– Тәркіленген аңшылық мылтықтар еш жерде тіркелмеген. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деп хабарлады Алакөл АПБ бастығының орынбасары Нұржан Берікұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру