Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер Ұлттық спорт күніне орай жарыс өткізді

Жетісу облысында полицейлер Ұлттық спорт күніне орай жарыс өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 наурызда Қазақстанда Ұлттық спорт күні атап өтіледі. Бұл – рухтың беріктігін, ұлттық дәстүрге деген құрметті және салауатты өмір салтына ұмтылысты айқындайтын ерекше мереке. Жетісу өңірінде бұл күнді полиция қызметкерлері ауқымды спорттық жарыспен атап өтті.

Жарыс "Динамо" дене шынықтыру-спорт кешенінің базасында ұйымдастырылды. Оған полиция департаментінің басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, өздерінің физикалық дайындығын ғана емес, командалық бірлігін, төзімділігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша: І орынды – жылдам қимылдайтын арнайы жасағы,

ІІ орынды – жедел басқару орталығы,

ІІІ орынды – қоғамдық қауіпсіздік басқармасы иеленді.

Полиция қызметкері үшін дене дайындығы – кәсіби қызметтің ажырамас бөлігі. Ол кез келген жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

– Қызмет тек білім мен жауапкершілікті ғана емес, мықты рухты да талап етеді. Физикалық төзімділік – бізді кез келген сынаққа дайын ететін басты тірек, – деп атап өтті жарыс қатысушылары.

Мұндай іс-шаралар Ұлттық спорт күні аясында тек жарыс ретінде ғана емес, ұлттық дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды бастамаға айналып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру