Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция республикалық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Жетісу облысында полиция республикалық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда.

Жаз мезгілінде Алакөл мен Балқаш көлдеріне бағытталған көлік ағыны айтарлықтай артады. Жол қозғалысына қатысушылардың басым бөлігін демалушылар мен туристер құрайды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жылдамдық режимін қатаң сақтау, көлік құралын мас күйінде басқармау және шаршаған күйде көлік жүргізудің қауіптілігі туралы ескертуде.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға, жолда өзара құрмет танытуға және әрбір жол қозғалысына қатысушының қауіпсіздігі әр жүргізушінің жауапкершілігі мен тәртібіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады.

"Заң мен Тәртіп" қағидаты жол қозғалысы ережелерін сақтаудан және айналадағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудан басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру