Жетісу облысында полиция жүргізушілермен профилактикалық кездесу өткізді
Жетісу облысында полиция жүргізушілермен профилактикалық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Осы мақсатта патрульдік полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерімен кездесу өткізіп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимінен аспау, жолаушыларды қауіпсіз түсіріп-мінгізу және көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болу қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілердің күн сайын көптеген жолаушының өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты екенін атап өтті.
Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – жолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.
Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар арасында профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
