Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысындағы саяжай алқабында профилактикалық рейд өткізілді

Жетісу облысындағы саяжай алқабында профилактикалық рейд өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері өңірдегі саяжай алқаптарының бірінде кешенді профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылды. Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тексеріп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді және заңнама талаптарының сақталуын назарға алды. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері саяжай аумағын аралап, абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарының сақталуын тексерді. Тексеру барысында аумақты ластау және іргелес аумақтарды күтіп ұстау қағидаларын сақтамау фактілері анықталды. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция әрбір азаматты қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тазалық пен қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру