Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізілуде

Жетісу облысында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

9-11 қараша аралығында облыс аумағында көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сонымен қатар жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Іс-шара аясында үйлер мен пәтерлерді аралау ұйымдастырылып, көшелердегі патрульдік бақылау күшейтілетін болады. Осыған орай, облыс тұрғындарынан өтіп жатқан іс-шараға және тәртіп сақшыларының әрекетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз. Біз азаматтарды қылмыстық және әкімшілік заңнама саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда полиция қызметкерлеріне барынша жан-жақты көмек көрсетуге шақырамыз, – деді Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Айта кетейік, өңір полицейлері жеке құрамға салтанатты саптық тексеріс өткізді, оның барысында қызметкерлерге профилактикалық іс-шараның негізгі талаптарын айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру