Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен ер адамды ұстады

Жетісу полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтарда Алакөл ауданы Достық кентінің тұрғынынан ВАЗ-2114 көлігін үйдің ауласынан айдап кеткен. Автокөлікті айдап кеткен жігіт тапқыр болып шықты. Ол көлікті ұрлау кезінде үй иесі шудан оянып, оған кедергі жасамас үшін үйдің есігін тіреп қойған. 

Полиция қызметкерлері бір тәуліктен кейін ұрланған көлікті қылмыс орнынан 200 км қашықтықта, көрші Абай облысының аумағынан тапты. Айта кету керек, бұл күндері өңірде қарлы боран өршіп, Достық кенті бағытындағы автожол көліктің барлық түрлері үшін жабылған болатын.

– 24 қаңтарда Үшарал қаласына автокөлікті ұрлады деген күдікпен 40 жастағы Аягөз тұрғыны жеткізілді және жауап алынды. Біздің облысқа оның табыс табу үшін келгені, бірақ та жұмысқа тұра алмағаны белгілі болды. Нәтижесінде ол өз үйіне оралу үшін көлікті айдап кеткен. Жол бойында ол Жарбұлақ ауылының маңындағы тас жолда автокөлік бұзылып қалған соң, оны тастап кеткен, – деді Алакөл АПБ бастығының орынбасары Арнұр Исаев. 

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабына сәйкес (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру