Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

Жетісуда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп базасында ұйымдастырылған жазғы лагерьде балалармен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға жолда жүрудің негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жолды кесіп өту кезінде аса мұқият болудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтау, жол үстінде құлаққап пайдаланбау және ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ балаларға жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жеке жауапкершілігі туралы түсіндіріліп, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кең көлемді профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Жетісу облысында полицейлер жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру