Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер жолда қалған Беларусь азаматына көмек көрсетті

Алматы – Өскемен автожолының 385-шақырымында Жетісу облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған Беларусь Республикасының азаматына көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетелдік азаматтың жүк көлігі дөңгелегінің зақымдануына байланысты жолда тоқтап қалған. Жүргізуші ақауды өздігінен жөндей алмаған. Осылайша оған патрульдік полиция батальонының инспекторлары Диас Омаров пен Еламан Қасымбеков көмек көрсетті.

Полицейлер жүргізушіге зақымданған дөңгелекті шешуге көмектесіп, кейін жүк көлігін жақын маңдағы дөңгелек жөндеу орнына дейін алып жүрді. Онда жүргізуші қажетті техникалық көмек алып, сапарын жалғастырды.

Жолда қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсету — полиция қызметкерлері үшін тек қызметтік міндет қана емес, сонымен қатар адамгершілік пен әрбір азаматқа деген құрметтің көрінісі.

Әсіресе, басқа мемлекеттің азаматынан алғыс есту ерекше мәнге ие. Мұндай игі істер полицияға деген сенімді нығайтып, Қазақстан, оның халқы мен қонақжайлығы туралы жағымды әсер қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру