Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда шамамен сағат 01:00-де Қарағанды облысының Жезқазған ПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 38 жастағы ер адамды медициналық пунктке ауыр пышақ жарақатымен жеткізгені туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер жәбірленушіні құтқара алмады – бірнеше сағаттан кейін есін жимастан қайтыс болды.

Оқиға орнына бірінші болып Жезқазған полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының отряды келді. Қылмыстың куәгерлері полицияға күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттап берді.

Патрульдік полиция жедел-іздестіру кезінде көшеде полицейлерді байқап, қашып кетуге тырысқан адамды байқады. Санаулы минуттан кейін ол ұсталып, Жезқазған қаласының ПБ-на жеткізілді. Ұсталған 45 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындап, жәбірленушіні жанжал кезінде пышақтап тастағанын түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру