Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда жұлдызы ерте сөнген полицейлердің балаларына тосынсый жасалды

Жетісайда жұлдызы ерте сөнген полицейлердің балаларына тосынсый жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданында полицейлер, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет атқарып, мезгілсіз қайтыс болған полиция қызметкерлерінің кәмелетке толмаған жасөспірім ұл-қыздарын қуантты. Ерекше шарада тәртіп сақшылары ең алдымен балаларды Жетісай қаласындағы Қ. Жандарбеков драма театрындағы “Достар” ертегілер әлеміне саяхат жасайтын спектакльге апарды. Мән-маңызы зор қойылым соңында көрермен болып келген өнерлі жас жеткіншектер де өз өнерлерін көрсетті. Оларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Одан әрі Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың бойында туған елге деген патриоттық сезімді нығайтып, арттыру мақсатында театр ішіндегі музейдің 50 жылдық тарихымен таныстырды. Шара соңында Жетісай қаласы С. Қожанов көшесі бойында орналасқан Жастар саябағында балаларға арналған түрлі атракциондар мен ойын алаңшалары тегін қызмет көрсетті. Сонымен қатар балаларға түрлі тәтті балмұздақтар мен сусын түрлері тегін ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Өз кезегінде полицейлер: – Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Бүгінгі біздің балаларымыз – ертеңгі болашағымыз!, – деп атап өтті.

Ал балалар полицей ағаларына шексіз алғыстарын айтып, өскенде ел қорғайтын нағыз азаматтар болатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру