Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда тұрғыннан тегіс ұңғылы екі мылтық ұрлаған ер адам ұсталды

Жезқазғанда тұрғыннан тегіс ұңғылы екі мылтық ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы 5 шілдеде 47 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Пб-на жүгініп, белгісіз біреу 60 жастағы күйеуіне тиесілі екі мылтықты ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгені құрайды.

Жәбірленушінің пәтеріне ас бөлмесінің терезесі арқылы кіріп, сейфті ашып, сол жерде тұрған мылтықтарды алып кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы (Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 484 және 486-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды.

30 мамырда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру