Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жиһаз жасап беремін: өскемендік тұрғын алаяққа алданып, 85 мың теңгесінен айырылды

Өскемендік тұрғын алаяққа алданып, 85 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ “102” жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасында ол бейтаныс ер адамға ас үй жиһазын жасату үшін 85 мың теңге көлемінде ақша қаражатын беріп, кейінірек ол байланысқа шығуын тоқтатқанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдіктіні анықтап, жеткізді. Белгілі болғандай, ол бұрын сотты болған екен, ал қазіргі уақытта бас бостандығы шектеулі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру