Жол-көлік оқиғасын жасаған ақтөбелік бөтеннің көлігін мініп кетті
Ақтөбеде ер азамат жол көлік оқиғасын жасап, автокөлікті айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 сәуірде Ақтөбе қаласындағы Білтабанов және Мөңке би көшелерінің қиылысында «Mitsubishi Pajero» және «Datsun» автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Жанынан өтіп бара жатқан «Toyota» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін тоқтады. Осы сәтте «Datsun» автокөлігінің жүргізушісі, жол-көлік оқиғасына қатысушы, өз көлігінен шығып, «Toyota Venza» автокөлігінің жүргізушісін себепсіз ұрып, автокөлікті белгісіз бағытқа айдап әкеткен.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтады. Ұстау кезінде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, пышақпен қорқытпақ болды, бірақ жедел уәкіл қызметкерлері шапшаңдық танытып, оны ұстады.
Ұрланған «Toyota Venza» автокөлігі күдіктінің тұрғын үйінің ауласынан табылды.
Аталған факті бойынша ҚК 192-бабының 4-бөлігі (Қарақшылық) және 380-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жиналған дәлелдемелердің көмегімен күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібінде ұсталды және арнайы есепте тұр. Күдікті ұстау кезінде өз-өзіне жарақат келтіргендіктен, Ақтөбе қаласы Ақтөбе медициналық орталығының палатасында полицияның қарауында жатыр.