Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде “Фура” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде “Фура” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 сәуір күні сағат 21.50-де “IVECO” автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Түркия азаматы Заречный-1 кентіндегі Оңтүстік айналма жолы бойымен келе жатып, көлік құралының жүру бөлігін белгіленбеген жерде, оңнан солға қарай кесіп өткен Заречный кентінің 44 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші Жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды, кейін 15 сәуір күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: көлік жүретін бөліктің белгіленбеген жерінде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын келе жатқан көліктің алдына шығып кетуі болып табылады.

ПД бастығы А.Арыстановтың айтуынша, көлік құралдары жүргізушілерінің жаяу жүргіншілер өткелдеріне тоқтамауы жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуына тікелей әсерін тигізеді, нәтижесінде жол қатысушылары жол қозғалысы ережелерін сақтаудың тиімсіз екендігіне көз жеткізеді.

Сондықтан инспекторлар құрамы жол қозғалысын қадағалау кезінде жүргізушілер тарапынан осындай бұзушылықтардың жолын кесуге көп көңіл бөледі.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайды жол қозғалысының барлық қатысушылары: жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де ЖҚЕ сақтаған жағдайда ғана жақсартуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру