Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған дәмхананы анықтады

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған дәмхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізді.

Шымкент қаласы Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан “Кәусар” дәмханасының мониторинг жүргізу барысында, карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны және қызметкері бір реттік бетпердені тақпағаны анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.

Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру