Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдасынан зәбір көрген келіншек “Самғау сенім” орталығына орналастырылды

Жолдасынан зәбір көрген келіншек “Самғау сенім” орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы полиция басқармасының “102” арнасы арқылы Достық шағын ауданының тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында, ата-енесі мен жолдасының тарапынан қысым көріп, отбасылық жанжалдың жиілеп кеткендігін айтқан.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлзира Бектемисова барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты.

Нәтижесінде жолдасының үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында баласымен бірге уақытша пана ретінде “Самғау сенім” орталығына орналастырды.

“Самғау сенім” орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.

Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан отбасы мүшелерінің зардап шегетінін айтып, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру