Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін жасап беремін”: 4 бірдей ер азаматты алдаған Алматы облысының тұрғыны анықталды

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 4 бірдей ер азаматты алдаған Алматы облысының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2021 жылы мамыр айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында бейтаныс ер адаммен танысқан. Содан әңгіме барысында танысқан азамат жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді. Осыдан соң ер азамат бейтаныс адамға 200 мың теңге береді. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 1 жылға созылған. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар Алматы облысының тұрғыны анықталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оның еш жерде жұмыс істемейтінін анықтады. Сондай-ақ, ұсталған ер адам бұған дейін де дәл осындай алаяқтықпен жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып 3 азаматтан ақша алғаны расталды. Жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру