Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО-да 168 ұялы телефон ұрлығы тіркелді

Жыл басынан СҚО-да 168 ұялы телефон ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 58 жастағы тұрғыны телефонының ұрланғаны туралы арызымен полицияға жүгінген. Оның айтуынша, ұялы телефонның жоғалғанын келесі күні ғана байқаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жедел уәкілдер күдікті – жәбірленушіге шатырын жөндеуге көмектескен 48 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Әйел адам қонаққа кеткен кезде, ер адам ішімдік ішкен. Полицейлер кейін оның ұрланған ұялы телефонды ауылдастарына төмен бағаға ұсынғанын анықтады. Мән-жайды анықтау барысында, ол кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Хариповтың айтуынша, ұялы телефонды қараусыз қалдыруға болмайды. Көз алда жатқан шағын және құнды заттар қылмыскерлердің оңай олжасына айналуы мүмкін. Жыл басынан облыста барлығы 168 ұялы телефон ұрлығы тіркелді. Оның ішінде 16-сы ауыр түріне жатады, яғни тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кірумен байланысты жасалған ұрлық. Қалғаны еркін жол жеткізу арқылы жасалғандар. Бүгінгі таңда 80 ұрлық өндіріспен аяқталған, ал қалғаны бойынша жедел-іздестіру немесе тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер ұялы телефонды ішкі қалтаға салуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру