Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде жедел кеңес өткізіліп, ағымдағы жылдың қорытындылары мен келесі жылдың басым міндеттері талқыланды. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов хабарлады.

– 2021 жыл ІІМ жүйесі үшін құқық бұзушылықтың алдын алу және “полицияның қадамдық қолжетімділік”қағидатын қамтамасыз ету жылы болды. Статистикалық мәліметтер облыстың ПД бөліністерімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың тиімділігін көрсетті. Жыл басынан бері 4872 (-12,5%) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 4201 қылмыс (-9,6%) және 671 қылмыстық теріс қылық (-27,1%). Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар, адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, бұзақылық деректерінің төмендегені байқалады. Көшедегі қылмыстар саны азайды. Қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейі артты. Қылмыстың көптеген түрлерінің ашылу көрсеткіштері жақсарды. Заңсыз айналымнан үш тонна 354 келі түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеке құрамға полицияның сервистік моделіне көшу бойынша нақты міндеттер қойылды, – деп атап өтті Жанат Сүлейменов.


Облыста 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 27 стационарлық полиция пункті мен 25 учаскелік полиция пунктін салу жоспарлануда. Биыл Байзақ ауданында тұрғын үймен біріктірілген бес учаскелік полиция пункті салынды. Учаскелік инспекторлар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардың тұрғындарымен бірге тұрады, бұл құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың ашылуына және жеделділікке оң әсерін тигізеді.

Облыстық ПД бастығы ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмалары бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да күшейтілетінін айтты.

Қорытынды кеңес барысында басқарма, аудандық полиция бөлімдері басшыларына полиция қызметінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату бойынша жұмысты жүйелі жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру