Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты
Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кеткен 22 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінді. Жақында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды.
Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды. Қазір оның неліктен үйінен кетіп, ата-анасымен хабарласпағаны анықталып жатыр.
– Қыз бала ата-анасымен қауышты. Қазір үйінде, – деп хабарлады Ескелді ауданының полиция бөлімі.
Қызымен қайта қауышқан бақытты ана тәртіп сақшыларына өзінің алғысын білдірді.