БҚО-да мал ұрлаумен айналысқан екеу ұсталды
БҚО-да мал ұрлаумен айналысқан екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
БҚО полицейлері облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан екі ер адамды ұстады. Сондай-ақ ұсталғандар бірқатар ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар деп күдіктелуде. Ұстау кезінде олардың көлігінен бұрын ұрланған жылқының қаңқасы табылды.
– Ұсталған күдіктілер осы жылдың шілдесінен бастап бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін Криминалдық полиция басқармасының жедел әзірлеуінде болды. 1 қарашада олар Теректі ауданының Бекей ауылында еркін жайылымнан бір жылқыны ұрлап әкеткен, оның ұшасы ұстау кезінде ВАЗ-2111 көлігінен табылған. Жауап алу барысында ұсталғандардың бірі 2021-2022 жылдары Ақжайық, Казталов және Теректі аудандарының аумағында жасалған мал ұрлығының 8 эпизоды бойынша, сондай-ақ компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуылдың бір фактісі бойынша мойындау айғақтарын берді, – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен екі қатысушы да Теректі ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Дәлелдемелік базаны жинау, олармен қылмыстық байланысы бар адамдар тобын анықтау, сондай-ақ олардың Батыс Қазақстан облысының аумағында жасалған мал ұрлығының ашылмаған фактілеріне қатысы бойынша тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде.