Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының патрульдік полицейлері көлігі бұзылып қалған шетелдікке көмектесті

Ақтөбе облысының патрульдік полицейлері көлігі бұзылып қалған шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 қарашада Самара – Шымкент автожолының 1108-шақырымында Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Mercedes-Benz Sprinter автокөлігін байқаған.

Автокөлік жүргізушісімен әңгімелесу барысында автокөліктің Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бара жатқаны анықталды. Алайда жолда автокөлік бұзылған.

Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының инспекторлары жүк көлігінің жүргізушісіне кілт-құрал беріп, көмек көрсеткен. Автокөлікті жөндегеннен кейін шетелдік азаматтар полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жолға шықты.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырады: қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты таңдау, кенеттен маневр жасамау, басып озудан аулақ болу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру