Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері үш күннің ішінде 11 атыс қаруын тәркіледі

СҚО полицейлері үш күннің ішінде 11 атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

СҚО-да үш күндік «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы заңдылықты нығайту бойынша басты назарға – қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, есептегі тұлғаларды қадағалау, Жол жүрісі қағидаларының сақталуы алынды. Жұмыстың маңызды желілерінің бірі – тіркелмеген қару фактілерін анықтау болды. Көп жағдайда адамдар қаруды сақтаудың қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтамай жатады. Қызылжар ауданындағы бір ауылдың учаскелік полиция инспекторы бір күннің ішінде екі ИЖ мылтығын тәркіледі. Екі жағдайда да мылтықтар үй кіреберісінде сақталып келген, бұл ретте біреуінің үйінде кәмелетке толмаған балалары болған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материалдар жинастырылды. Алынған мылтықтар сараптамаға жіберілді.

– Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде бір травматикалық тапанша мен тіркелмеген 10 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Қаруды өз еркімен тапсыру ғана жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 1477 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішіндегі 300-ге жуығы – қоғамдық орында ішімдікті ішу немесе масаң күйде жүру фактілері. Тұрмыс саласында 93 құқыққа қайшы факті тіркелді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жасөспірімдер түнгі уақытта үйден тыс немесе ойын-сауық орындарында жүрген, бұндай 70 факті анықталды. Облыс жолдарында 17 мас жүргізуші ұсталды, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру