Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында таныстарының атынан жасырын несие алған әйел анықталды

Түркістан облысында таныстарының атынан жасырын несие алған жас әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атына белгісіз біреу банктердің бірінен несие алған. Келтірілген шығын көлемі – бір миллион теңге. Бұл туралы жәбірленуші арадан бір айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде бірақ біледі. Содан тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында отырарлық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Жинақталған ақпарат нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті жас әйел болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті келіншек жәбірленушіні жұмысқа кіргізіп беремін деп оның құжаттарын суретке түсіріп алған. Содан жәбірленушінің жеке мәліметтерін пайдаланып, атынан тауарлық несие шығарған. Бұдан бөлек аталмыш әйелдің тағы екі жайт алаяқтық қылмысына қатыстылығы анықталды. Онда күдікті әріптесі мен туысының құжаттарын түрлі сылтаумен алып, олардың аттарынан әрқайсысына бір миллион теңгеден несие алған. Күдікті әйел қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жібереді. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру