Қостанай облысында бірнеше алаяқтық дерегі тіркелді
Қостанай облысында демалыс күндері бірнеше алаяқтық дерегі тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Рудный тұрғыны алдаудың құрбаны болды. Белгісіз адамдар OLX сайтында тоңазытқыш сату сылтауымен жәбірленушінің деректерін біліп, жарты миллион теңгені иемденді.
Тағы бір жәбірленуші сайтта кереует сатты, ал алаяқтар сенімін асыра пайдаланып 49 мың теңгені иемденіп, оны банк шотынан шешіп алған.
Ақмола облысының тұрғынын алаяқтар WhatsApp мессенджерінде осы уақытқа дейін Жітіқара қаласында болған ұлымын деп таныстырып, алдап соққан. Хабарламада оған шұғыл түрде ақша қажет екендігі айтылды. Әйел ақпаратты тексермей, 130 мың теңге аударып жіберген.
Арқалық тұрғыны алаяқтарға сеніп, 800 мың теңгесінен айырылды. Алаяқтар Kolesa.kz сайты арқылы автокөлікті сату сылтауымен одан қаражаттың бір бөлігін банк қосымшасы арқылы аударуды сұрады.
Қостанай тұрғыны телефон арқылы өтініш берушінің атына несие рәсімделгені туралы хабарлаған банктің жалған қызметкерлеріне сеніп, өзінің жеке деректерін берген. Нәтижесінде ол депозиттік шотындағы 4,3 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды.
Қостанай облысы ПД тағы да тұрғындарды аса мұқият болуға және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады!