Көліктегі ПД бастығы елорда теміржол вокзалдарындағы полиция бөліністеріне барды
Көліктегі полиция департаментінің басшысы елорданың теміржол вокзалдарындағы полиция бөліністеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департамент бастығы Бақытжан Малыбаев Астана-1 және Нұрлы Жол теміржол вокзалдарында орналасқан полиция бөлімшелерінің жедел қызметін тексеруге барды.
Б.Малыбаев ең алдымен полиция бөлімдерінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Оған бөлім қызметі және жедел қызмет көрсету учаскесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Сондай-ақ ол елордаға келіп-кетуші жолаушылардың жағдайымен танысты. Бұдан соң Б. Малыбаев бөліністердің жұмыс кабинеттерін қарап, материалдық-техникалық жай-күйін тексерді. Көлік полициясының басшылығы вокзал әкімшілігінің бейнебақылау операторлық тобының жұмысымен де танысты. Оған теміржол аумағында орналасқан барлық бейнекамералар қосылған. Тіпті, құқық бұзушылық жасалуы мүмкін сәтте жеке тұлғаларды тіркеу және бақылау процесі айқын көрсетілді.
– Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері – халыққа қалтқысыз қызмет ету, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы ден қою, олардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау. Вокзалдар мен перрондарда, станцияларда және пойыздарда жолаушылар қажет болған жағдайда оларға дереу полицейлер көмекке келетініне сенімді болуы керек. Осы арқылы имидж қалыптасады, – деді Б. Малыбаев.
Жұмыс сапарын қорытындылаған Б. Малыбаев жоғарыда аталған прлиция бөлімдері басшыларына кейбір кемшіліктерді атап көрсетіп, олардың алдына қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар маңызды міндеттер қойды.