Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы жолдарында мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Алматы жолдарында мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 200 мыңнан астам көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқаратын жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар мақсатты түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері шаһар жолдарында 1150 мас жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл өрескел құқық бұзушылық үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, жылдамдықты шектен асырып, әсіресе түнгі уақытта жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау жұмыстары күшейтілген. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың, оның ішінде жылдамдықты арттырудың алдын алу мақсатында патрульдік полиция жасақтарының саны ұлғайтылып, автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері белсенді түрде пайдаланылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру