Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада түнгі уақытта үйден тыс жерде болған жасөспірім анықталды

Елордада түнгі уақытта үйден тыс жерде болған жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ жасөспірімдердің панасыз, қараусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті-рейдтік жұмыстар жүргізіледі.

Осындай профилактикалық іс-шаралар барысында Есіл ауданы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері сағат 23:15-те ойын-сауық мекемелерін тексеру кезінде 16 жастағы кәмелетке толмаған баланың барда болу фактісін анықтады.

Жасөспірімнің бақылаусыз болуына байланысты ата-аналар жағдайды анықтау үшін түн ортасында полиция бөліміне келуге мәжбүр болды. Заңды өкілге қатысты айыппұл сала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ жасөспіріммен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бар иесіне қатысты 10 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жыл басынан бері қаланың ойын-сауық мекемелері кәмелетке толмағандардың болуы бойынша 90-ға жуық бұзушылық фактісін жасады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 3300-ден астам ата-анаға қатысты ескерту шығара отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Айта кету керек, заңды өкілдер баланың түнде үйден тыс жерде болуының жалғыз фактісі үшін ғана ескертуге жатады. Осындай фактілер бір жыл ішінде қайталап жіберілген жағдайда, материал ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту үшін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілуге тиіс. 11 айда полицейлер осындай 106 фактіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру