Алаяқ Ақтөбе тұрғынына туысын түрмеден босатуға көмектесуге уәде берген
Алаяқ Ақтөбе тұрғынына туысын түрмеден босатуға көмектесуге уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын бейтаныс әйелдің өзінің сеніміне кіріп, ұлын Ақтау қаласындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға көмектесуге уәде бергені туралы арызданды. Күдікті 2020 жылдың қыркүйегінде алдау арқылы жәбірленушіден ақша алған, бірақ екі жыл бойы уәде орындалмаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтау қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды және одан жауап алынды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын көлемі бір млн теңгені құрады.