Ақсу полицейлері мас жүргізушіні анықтады
Ақсу полицейлері мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдеу кезінде Ақсу қаласының полиция қызметкерлері ГАЗ 330232-244 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 36 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Медициналық куәландыру жүргізушіде орташа дәрежелі алкогольдік масаңдықты растады.
– Полиция жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Сот бұзушыны он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Жыл басынан бері облыс полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйінде басқарудың 54 фактісін, оның ішінде Ақсу өңірінде 1 фактінің жолын кесті. Барлық материалдар шара қолдану үшін сотқа жіберілді.