Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынның итін ұрлап кеткен ер адам анықталды

Қызылордада тұрғынның итін ұрлап кеткен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтар күні Қызылорда қаласы полиция басқармасының «102» арнасына 35 жастағы қала тұрғыны өзінің Майки есімді спаниель аңшы иті ұрланғандығы туралы арызданды. Ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Түскі уақытта белгісіз адам автокөлігімен үй алдына тоқтап, көлігінен шығып, итті жүк салғышына тиеп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнежазбаны алып, күдіктіні іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Нәтижесінде 33 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ит иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жәбірленуші ұрыны ұстап, аңшы итті табуға көмектескен полицейлерге ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру