Қарағандылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан жігітті қолға түсірді
Қарағандылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан Балқаш қаласының тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші әйел полицейлерге танысының үйіне қонаққа кеткенде белгісіз біреу үйінен ойын қосымшасымен ноутбук ұрлап кеткені туралы хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 650 мың теңгені құрады.
Оқиға орынына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді. Пәтерді қарау барысында полиция қызметкерлері ұрының үйге кілт таңдау арқылы кіргенін анықтады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кеншілер астанасына ұрлық жасауға келгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188 бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзгеде қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.