Өскеменде клиент таксисттің банк картасын ұрлады деп күдікке ілікті
Өскеменде клиент таксисттің банк картасын ұрлады деп күдікке ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солжағалау полиция бөлімінің кезекші бөліміне 62 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінген.
Ер адам өзінің негізгі жұмысынан бөлек такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және кезекті рет клиентті алып жүргенін, оның алдыңғы орындықтар ортасындағы қалташықта жатқан банк картасы жоғалып кеткенін байқаған.
Біраз уақыттан кейін жәбірленушіге оның ұрланған банк картасынан 220 мың теңге көлемінде ақша алынғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары арызды қабылдап ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Солжағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жәбірленуші алып жүрген 34 жастағы күдікті ер адамды ұстаған. Күдікті мойындау көрсетпесін берді.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Күдіктіні бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы күтіп тұр.