Қызылордалық полицейлер мал ұрысын ұстады
Қызылордалық полицейлер мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне ауылдың 3 тұрғынынан мал ұрлығы жөнінде арыз түсті. Барымташылар олардың жайылымда жүрген 8 бас сиырларын ұрлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 25 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ заттар ретінде ұрланған малдардың терісі және сирақтары алынды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның соммасы 3 млн 500 мың теңгені құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі танда осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның қалған мән-жайлары анықталып жатыр.